ШҚО-да алаяқ-кредитор ұсталды

Фотография - ШҚО-да алаяқ-кредитор ұсталды

Алдауға түсен Семей мен Өмкемен қалаларының барлық азаматтарын полицияға хабарласуды сұрайды

269 0

Семей қаласының ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері көптеген алаяқтық фактілеріне күдікті 37 жасар әйел адамды ұстады. Алдауға түсендердің барлығын полицияға хабарласуды сұрайды, деп хабаррлайды Today.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ШҚО, Қатон-Қарағай ауданының тумасы Гүлжанат Қашқынбаева өзін банк өкілімін деп таныстырып, Семей мен Өскемен азаматтарына төмен пайызды үлкен соммадағы кредит алуға көмек ұсынған. Бірақ, бұл бағдарламаға қатысу үшін азаматтарға бастапқы жарна салу керек болған. Осы ақшаны алаяқ иемденіп отырған.

Қазіргі кезде полиция алаяқтықтың 15 эпизоды бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Гүлжанат Қашқынбаева тұтқындаулы. Бұл адамның алаяқтық істерінен зардап шеккендер полицияға хабарласады деп күтілуде.

Семей мен Өмкемен қалаларының және өзге елді мекендердің алданған тұрғындарын ІІБ қызметкерлері 102, (7222)- 69-01-61, 33-56-17, 33-52-79 телефондары арқылы Семей қаласының ІІБ немесе қала ІІБ-ның Әуезов аудандық бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.


Тегтер:

алаяқтық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!