Астана мектебіндегі бопса мен соққы: тағы бір оқушының анасы сотқа шағым береді

Фотография - Астана мектебіндегі бопса мен соққы: тағы бір оқушының анасы сотқа шағым береді

Болған оқиғадан кейін оқушы мектепке барудан бас тартуда

269 0

Астанадағы гимназияда соққыға жығылған тағы бір баланың анасы Айнұр Кенжебекова Today.kz тілшісіне берген сұхбатында, оның ұлын 20 мамыр күні 500 теңге бопсалағаннан кейін оқушылар ұрғанын айтады.

Баласының соққығы жығылып, одан ақша талап еткенін ол 15 маусым күні, оқушылардың бірінің анасы мектептегі тепкі туралы бейнежазба туралы айтқаннан кейін білген.

"Бәрін естіп білгеннен кейін, кешкісін ұлыммен сөйлестім. Ол оның сыныптасын соққыға жыққан балалардың атын естігенде дірілдей бастады. Одан кейін ол балалар елдің көзінше менің ұлымды тепкілеп, қорлағанын білдім. Ол екеуі менің баламнан ақша алған. Алғаш рет 300 теңге, екінші рет ол өзінің сыныптасмы арқылы 200 теңге беріп жіберген. Қорыққан, сондықтан берген",- дейді Айнұр Кенжебекова.

Сонымен бірге, ол оны 2014 жылдың 1 қыркүйегінде соққыға жыққан оқушы өзгелерді мектептің дәретханасы мен киім шешештін орнына мереке сайын жинап, қысым көрсетіп отырған.

"Ал 20 мамыр күні барлығының көзінше ол менің баламды тепкен. Ал 25 мамырда оның сыныптасын киім шешетін орында соққыға жыққан. Бұл жәйт мектеп камерасына түсіп қалған. Сонда, 20 мамыр күні олар менің ұлымды ұрып, кейін менің күйеуімнің органдандарда істейтінін білген, мен ата-аналар комитетінің мүшесі болғандықтан мектепке жиі барам. Ал 25 мамыр күні камерада көрініп тұрғандай, өзге оқушыны ұрмақ бұрын менің ұлымды сен "қызылдың" баласысың деп шығарып жіберген. Бұл терминді түрмедегілер қолданады. Оның сыныптасын ұратын кезде олар менің баламның араласпауын қадағалаған", - дейді Кенжебекова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл оқиғаны диретор кабинетінде талқыға салғаннан кейін, ол ұлдардың ата-аналары келіп, кешірім сұраған.

"Бұл оқиғаны директор кабинетінде талқылаған соң, ол балалардың ата-аналары үйге келді. Мен біздің мектепте неге ондай болады деп, арыз жазбақ болдым. Мен өзім мұғалім болғам, менің баламды бәрінің көзінше мектепте қорлауға жол бермейм. Енді ұлым айтады: "1 қыркүйекте мектепке бармайм, өйтені сот отырысында мен бірінші сөз сөйледім". Егер 1 қыркүйекте ол балалар мектепке келсе мен бірден арыз жазамын. Ата-аналардың барлығын жинаймын. Мен мұны бұлай қалдырмаймын, өйткені менің балам мектепке баруға қорқады. Оны қорқытып тастаған", - дейді ол.

Естеріңізге саламыз, Астанада мектеп-гимназиялардың бірінің жоғары сыныпта оқитын екі оқушыны бопсалау мен күш қолдану бойынша соттауда. Соққы алған оқушының анасы редакциямызға, бейнебақылау камерасының таспасын ұсынды, онда жасөспірім қатарластарын жинап, олапрдың бірін бетінен қолымен ұрғаны және кеудесінен аяқпен тепкені бейнеленген. Таяқ жеген бала жерге құлағанмен оны соққыға жығу тоқтамаған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!