ОҚО-да мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фотография - ОҚО-да мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

ОҚО-да мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қаскөйлер амалдарын Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында жүзеге асырған.

453 0

ОҚО-да мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қаскөйлер амалдарын Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында жүзеге асырған.

"2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың наурыз айына дейін ғана 10 жапа шегуші мал ұрланғаны туралы хабарлады.  Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер мал ұрыларының ұйымдасқан қылмыстық тобын ұстады. Олар ОҚО-ның Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында мал ұрлаған", - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінде.

 Полиция ақпаратынша, қылмыстық топ 1965, 1985, 1988, 1989, 1991 жылдары туған 7 адамнан тұрады. Топты мал ұрлығы үшін бұрын да бірнеше рет сотталған Қазығұрт ауданының 50 жастағы тұрғыны басқарды. Топтың тағы бір мүшесі 1987 жылы туған Қазығұрт ауданының тұрғыны іздеуде жүр.

Олар малды жергілікті базарда сатып, ақшаны қажеттіліктері үшін жұмсаған. Полицейлер ұсталғандардың 11 мал ұрлығы фактісіне қатыстылығын анықтады. Олар шамамен 70 бас ірі қара мен жылқы айдап әкеткен. Келтірілген залал 20 млн. теңгені құрады.

Полицейлер айғақ зат ретінде ұрланған ірі қараның бір бөлігі мен екі  "КамАЗ" көлігін тәркіледі. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188 және 262-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда, іс сотқа берілді.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!