630

Жігіттерге жабысқан жеңіл жүрісті қыздар айыпқа тартылды

Алматыда жыныстық қызмет көрсетуге қарсы рейд жүргізілді. Тексеру барысында 18 шетелдік азаматша əкімшілік жазаға тартылды.
Фотография - Жігіттерге жабысқан жеңіл жүрісті қыздар айыпқа тартылды

Алматыда жыныстық қызмет көрсетуге қарсы рейд жүргізілді. Тексеру барысында 18 шетелдік азаматша əкімшілік жазаға тартылды. 

Полиция қызметкерлері Абай-Саин көшелерінің қиылысындағы 4 қонақ үй кешенін, дəмхана, көңіл көтеру орындарын аралап шықты. 
"Апталықтың алғашқы кезеңінде-ақ жыныстық қызмет көрсетіп жүрген 48 адам ұсталды. Олардың тоғызы Қырғыз елінен келсе, қалған 9-ы Өзбекстан республикасының азаматшасы екен. Қырғыз елінен келген бір азаматша бұдан бұрын да ҚР көші-қон туралы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстаннан кетуге тиіс болған. Сот үкімін орындамағаны үшін ол ҚР ҚК 393-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды",-деді қалалық ІІД басқарма басшысының орынбасары Ерлан Қасым. 

Сондай-ақ, рейд барысында қоғамдық орындарда ашықтан ашық жыныстық қызмет көрсету туралы ұсыныс жасаған 9 азаматша əкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жəне екі азаматшаның жеке басын куəландыратын құжаты жоқ болғандықтан, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 
Жеңгетайлықпен айналысып келген үш қонақ үйдің əкімшісі де жазасыз қалмады.

Загрузка...