Алматы маңында аударылған автобустың екі жолаушысы реанимацияда жатыр

Фотография - Алматы маңында аударылған автобустың екі жолаушысы реанимацияда жатыр

Олпрдың жағдайы "ауыр" деп бағалануда

182 0

Алматы маңында аударылған автобустың екі жолаушысы ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Дәрігерлердің айтуынша, екеуі де жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Бірнеше жарақат. Зардап шеккендерге күрделі операция жасалды. Жағдай "ауыр" деп бағалануда, – деп хабарлайды Қарасай аудандық ауруханасының емдеу жұмысы бойынша директордың орынбасары Талғат Байтілеуов және зардап шеккендердің ары қарайғы жағдайына болжам жасай алмайтынын да айта кетті. Оның сөзінше, пациенттер – 40 пен 50 жастағы ер мен әйел адамдар.  

Жалпы Қарасай ауданының орталық ауруханасына 10 адам жатқызылған. "Өзелерде орта аурлықтағы бірнеше жарақат. Сүйек сыну, ми шайқалу және басқа. Әзірге ешқайсысы үйге шығарылған жоқ", - дейді Байтілеуов.

Сонымен бірге, зардап шеккендер арасында балалар жоғы белгілі болды.

Еске салсақ, Алматы маңында Алматы-Бішкек күре жолында қалааралық автобус аударылған болатын. Нақты мәліметтер бойынша автобуста 46 адам болған. Қаза болғандар жоқ.

ЖКО сенбі, тамыздың 15 күні Алматы облысында "Барыс"  базарының қарсысында орын алған. Рейстік автобус Шымкенттен алматыға келе жатқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!