Астанада ақша айырбастау пунктінде оқ атылды

Фотография - Астанада ақша айырбастау пунктінде оқ атылды

Бүгін, 17 тамыз күні таңғы сағат 05.55-те Астана қаласы, Республика даңғылында орналасқан ақша айырбастау пунктіне белгісіз біреу кассирге қару кезенген.

159 0

 Бүгін, 17 тамыз күні таңғы сағат 05.55-те Астана қаласы, Республика даңғылында орналасқан ақша айырбастау пунктіне белгісіз біреу кассирге қару кезенген.
"17 тамыз күні таңғы сағат 06.00 шамасында Респубика даңғылының бойындағы ақша айырбастау пунктінде белгісіз ер адам пневматикалық қарудан оқ атқан. Ол ақша айырбастау пунктінің терезесін шағып, бірнеше рет оқ атқан соң оқиға орнынан ізін суытқан",-деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Дереккөзіне сүйенсек, абырой болғанда, айырбастау пунктінің кассирі зардап шекпеген.

"Оқиға орнына шұғыл түрде патрульдік полицияның екі экипажы аттанған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Осы факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне енгізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздеу жұмыстары басталып, бұзақыны іздеу жалғасып жатыр",-делінген ақпаратта.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!