Павлодарда сауда үйіне «жарылғыш зат қойған» күдікті ұсталды

Фотография - Павлодарда сауда үйіне «жарылғыш зат қойған» күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан, бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған, 1977 жылы туылған Павлодар тұрғынын ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

222 0

Бұдан бұрын хабарланғандай, ер адам оператордың "112" пультіне ұялы телефоннан қоңырау шалып, "Арай" сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына арнайы бөлімше қызметкерлері дереу жетіп, оқиға орнын қоршауға алып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. 

Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 38 жастағы павлодарлық уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!