Рудныйдағы турбазада демалушылар сөмкесінен граната мен героин табылды

Фотография - Рудныйдағы турбазада демалушылар сөмкесінен граната мен героин табылды

Қостанай облысында РГД-5 гранатасын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

238 0

Қостанай облысында РГД-5 гранатасын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Рудный қаласына жақын жердегі турбаза аумағынан 30 жастағы ер адамды қолға түсірді. Күдіктінің сөмкесінде граната болған.

"Ұсталған ер адам турбазаға достарымен келген, одан полицейлер аз мөлшерде героин мен марихуана тәркіледі, делінген хабарламада. - Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды".

Қазіргі уақытта тұтандырғыш құрылғымен  РГД-5 гранатасы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі (оқ-дәрілерді заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!