Қарағандыда таблғына 10-жасар бала өгей әкесінен жәбір кргенін айтқан

Фотография - Қарағандыда таблғына 10-жасар бала өгей әкесінен жәбір кргенін айтқан

19 тамызда Қарағанды облысының ІІД баспасөз-қызметі 10-жасар Максим Гильмутдиновтың табылғандығы жөнінде хабартаратқан болатын, ол 4-ші шілдеден бері іздеуде болатын. Today.kz тілшісіне баланың неге үйден безгендігі жөнінде түсіндірген болатын.

272 0

19 тамызда Қарағанды облысының ІІД баспасөз-қызметі  10-жасар Максим Гильмутдиновтың табылғандығы жөнінде хабартаратқан болатын, ол 4-ші шілдеден бері іздеуде болатын. Today.kz тілшісіне баланың неге үйден безгендігі жөнінде түсіндірген болатын.
Қарағанды қаласының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің мәліметіне сәйкес, Максимнің өгей әкесі кезінде талая соққы астына алған. Тура осылай, өткен жылдың көктемінде баланың жағы сынып ауруханаға жатқызылған. Ол кезде ол өзі келіп өгей әкесінің жұдырықтағанын айтқан. Максим оқитын мектепте, баланың отбасы бейберекет, нашар тұратындығын және де өгей әкесі бұрын сотталған, жиі ішімдік ішеді, ал анасы баласына жақтаспайтындығын айтқан. Сонымен қатар бала – мүгедек, ақыл есінің ауытқуына байланысты ауырады.
Білім департаментінде осы мәселе бойынша алдыңғы жылдары анасын баласынан айыру туралы шешетін болған, алайда бала қайтіп отбасына оралған.  Бұл іс соңына жетпей қалып, полицияда іс ашылмаған. Себебі Максимнің анасы, баланы ұрған өгей әкесі емес басқа біреу деп сендірген. Қазіргі кезде баланың осы жолы неге үйіне қашқаны жөнінде іс қозғалған, егер жәбір крген болса, онда ата-анасын баланы тәрбиелеу құқығынан айырады.
Естеріңізге сала кетейік, бала жедел іс-шаралар арқасында қаланы бір ауруханасынан табылған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!