Талдықорғанда ірі сауда үйі өртке оранды

Фотография - Талдықорғанда ірі сауда үйі өртке оранды

"Болашақ" СҮ (аяқ киім дүкені) өртеніп жатқаны туралы хабар Алматы облыстық ТЖД кезекші бөлімінің "101" нөміріне сағат 18.55-те келіп түсті.

274 0

Талдықорғанда ірі сауда үйлердің бірі өртеніп жатыр.
"Болашақ" СҮ (аяқ киім дүкені) өртеніп жатқаны туралы хабар Алматы облыстық ТЖД кезекші бөлімінің "101" нөміріне сағат 18.55-те келіп түсті. Куәгер ғимарат ішінде өрт шыққанын айтты. Оқиға орнына 4 өрт сөндіру көлігі шықты, аймақ қоршауға алынды.

Қызыл жалын тараған аумақ көлемі анықталуда. Дүкен қала орталығында орналасқан.

Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өртті жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!