Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан таксист ұсталды

Фотография - Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан таксист ұсталды

Ақтөбенің 50 жастағы тұрғыны есірткі саудасымен айналысқан. Тыйым салынған тауарды ол Орал-Ақтөбе бағыты бойынша тасымалдаған.

213 0

Ақтөбенің 50 жастағы тұрғыны есірткі саудасымен айналысқан. Тыйым салынған тауарды ол Орал-Ақтөбе бағыты бойынша тасымалдаған.
Мұны 15 тамызда облыс орталығының автовокзалында есірткі саудагерін аса ірі көлемдегі 1,5 келі кептірілген марихуанамен ұстаған Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері анықтады. 

Бұл тауарды күдіктінің сату мақсатымен тасымалдағаны анықталды. Сонымен қатар тінту кезінде жедел қызметкерлер одан салмағы 60 грамм ақ түсті ұнтақты тәркіледі. Бұл аса ірі көлем болып есептеледі. Сараптамада оның героин екені анықталды. 

ҚР ҚК 297 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған сәйкес 5-тен 10 жылға дейін бостандықтан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!