Алматылық туристік фирма 30-дан аса студентті тақырға отырғызды

Фотография - Алматылық туристік фирма 30-дан аса студентті тақырға отырғызды

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған мына студенттер таңнан бері Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің есігін торуылдап жүр.

386 0

Алматыда тағы бір туристік фирмаға қатысты дау шықты. Бұл жолы олар 30-дан астам студентті тақырға отырғызған деп хабарлайды КТК арнасы.

 Тіл үйрену үшін Қытайға сапар шекпек болған олар осыдан бірнеше ай бұрын билет сатып алған екен. Алайда жолға шығар сәт тақалғанда 32 жолаушының билеті жарамсыз болып шыққан. Олар енді жолдан қалғаны былай тұрсын, 4 миллион теңгеге жуық қаражатын қайтара алмай жүр.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған мына студенттер таңнан бері Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің есігін торуылдап жүр. Тіл үйрену үшін Қытайға ұшамыз деген армандары аяқ астынан орындалмайын деп тұр. Олардың әрқайсысы "Эмирал турс" компаниясына берген 75 мың теңгесін қайтара алмай әлек.

"Біз 106 бала билет алдық сол турфирмадан. Бірақ оның ішінде 32-сі өтірік билет болып шықты. Қалғандары дұрыс. Бағана бардық, шу көтердік, айғай-шу болды. Ол жерде турфирма басшысы айтып жатыр, не істесеңдер де оны істеңдер. Бірақ бізге бәрібір деп жатыр", – дейді Жанболат Қомашев.

Алданғанын білген жолаушылар билет тауып беруін талап етіп, турфирма басшысына барса, білгендеріңді істеңдер, маған бәрібір дегендей сыңай танытыпты. Жайбарақат отырған кәсіпкер әйел ештеңеден сасар емес.
Сөйтсе, бұл кәсіпкерге алданған жалғыз студенттер емес екен. Тағы бір тұрғын Түркияда бір түрік жігітке күйеуге шыққан туыс қызының тойына бара алмай қалыпты. Олар да билеті дайын емес екендігін әуежайға барғанда бір-ақ білген.

"Әуежайға келсем, ондағылар сіз тізімде жоқсыз, сіздің атыңызға тіркелген ешқандай билет жоқ дейді. Амал жоқ, Түркияда ұзатылған туыс қызымыздың тойына бара алмай қалдық. Тіпті, жолы түсіп сол жақа кетіп қалған он адамымыз бері қайта алмай отыр. Араларында кішкентай балалар да бар", – дейді Әлфия Тілеубердинова.

Студенттерді сан соқтырған турфирма басшысы қазір полиция бөлімшесінде отыр. Құқық қорғау органының қызметкерлері оны тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары енді басталғандықтан, полицейлер әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр. Ал ақшасын даулаған жастар қаражатымызды қайтармай тынбаймыз дейді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!