Ақтөбеде оқушы қыз мектепке есірткіні саудалау үшін қаппен әкелген

Фотография - Ақтөбеде оқушы қыз мектепке есірткіні саудалау үшін қаппен әкелген

Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралып жатыр.

273 0

Ақтөбеде бір қап есірткіні қолға түсірген полицейлердің өзі аң-таң болды. Өйткені есірткіні саудалаған мектепте оқитын қыз бала болып шықты деп хабарлайды 31 арна.
Енді оқушы он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жеткіншектің  ісі Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралып жатыр.

Бойжеткен өткен жылдың  қазан айында үйінің жанындағы гараждардың қасынан ішінде шөп салынған дорбаны  тауып алады. Ізінше тапқан заты туралы достарына  айтады. Кейін оған бір адам хабарласып тауып алған дорбаны сатуын сұрайды.

Сегіз мың теңгеге келісіп,  бейтаныс адамға сатады. Оқушы қыз дорбада  марихуана болғанын полицейлер  жауап алғанда ғана білген. Қазір іске  қатысты сот жалғасып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!