Алматыда "Прайм плаза" сауда үйіне "жарылғыш зат қойған" күдікті ұсталды

Фотография - Алматыда "Прайм плаза" сауда үйіне "жарылғыш зат қойған" күдікті ұсталды

Бүгін қалалық жедел әрекет ету жасағы "Прайм плаза" сауда үйінен жарылғыш зат іздеді. Бірнеше сағатқа созылған тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмаған.

251 0

Бүгін қалалық жедел әрекет ету жасағы "Прайм плаза" сауда үйінен жарылғыш зат іздеді. Бірнеше сағатқа созылған тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылмаған. Көп ұзамай полиция жалған хабарлама берген адамның соңына түскен. 
Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады. 

"Ол 28 жасар Жамбыл облысының тумасы болып шықты. Өзінің мұндай әрекетке бұзақылықтан барғандығын жеткізді. Енді ол қылмысы үшін ҚР ҚК сәйкес 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді С.Әзірбек.

Айта кетейік, осыған ұқсас құқықбұзушылық өткен күні "Променад" сауда үйінде болған еді. Әзірге жалған хабар берген адам анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!