Көкшетауда пәтер алып беремін деп 20 адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Фотография - Көкшетауда пәтер алып беремін деп 20 адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Көкшетауда мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп талай адамды сан соқтырып келген алаяқ әйел құрықталды.

172 0

Көкшетауда мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп талай адамды сан соқтырып келген алаяқ әйел құрықталды. 

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

Полицейлердің мәліметі бойынша Көкшетау қалалық ІІБ қызметкерлері 20-дан астам алаяқтық қылмыс жасаған жергілікті 1977 жылғы әйелді қолға түсіріп, үстінен қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті 2013-2014 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп, тұрғындарды сендіріп, сыйақы ретінде қомақты ақша алып отырған. Кейін уақыт өте келе пәтерде жоқ, ақша да жоқ, тіпті телефонға жауап бермеген. 

Қазіргі кезде алаяқ әйелдің 20-дан астам адамды осылай сан соқтырып кеткені белгілі болып отыр. Күннен-күнге күдіктінің құрбаны болғандардың саны артуда. Соңғы бір тәуліктің өзінде барлығы 3 миллион 740 мың теңгеге алданған 6 адам арыз берді.

Осыған байланысты күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде күдікті кепілмен босатылды", - дейді полицейлер.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!