694

Зираттарды бүлдіргені үшін батысқазақстандық тұрғын 2 жылға сотталды

Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен А.Савальчук ҚР ҚК 314-бабы 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.
Фотография - Зираттарды бүлдіргені үшін батысқазақстандық тұрғын 2 жылға сотталды

Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен А.Савальчук ҚР ҚК 314-бабы 1-бөліміне сәйкес кінәлі деп танылып, оған екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш тұрғын биылғы 21 сәуірде сағат 18.35 шамасында мас күйінде еш себепсіз Зеленов ауданы Январцев ауылы шетіндегі зираттарға "шабуыл жасаған". Атап айтқанда, 44 ескерткіш пен православиелік кресті бүлдірген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Загрузка...