Қостанайда жеке күзет фирмасының көлігі өртенді (ВИДЕО)

Фотография - Қостанайда жеке күзет фирмасының көлігі өртенді (ВИДЕО)

Қостанайда жеке күзет фирмасының көлігі өртенді. Бастапқыда патрульдік полиция көлігі отқа оранды деген болжам болған.

369 0

Қостанайда жеке күзет фирмасының көлігі өртенді. Бастапқыда патрульдік полиция көлігі отқа оранды деген болжам болған. 
Жалын шарпыған көлікті видеоға түсірген куәгер көлік нөмірін көріп, бұл полицейлердің көлігі деп ойлаған.

"ВКонтакте" әлеуметтік желісін пайдаланушы Сергей Поляк түсірген видео ғаламторға орналастырылды. Ол оқыс оқиға 24 тамызда шамамен түнгі сағат он екі жарымда орын алғанын жазды. Видеода отқа оранған жеңіл көлік, кейде оның салонында түсініксіз жарылыстар болып жатқаны бейнеленген. 

Полицияның баспасөз қызметінде полиция көлігі емес, жеке күзет фирмасының автомобилі өртенгенін хабарлады. 
Көлік жүргізушісі электр сымдарының тұйықталуы салдарынан өрт шығуы мүмкін екендігін айтты. 

Оқыс оқиға бейнеленген видеороликті vk.com бойынша тамашалауға болады.

ҚазАқпарат 


Тегтер:

өрт Қостанай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!