Баймағамбетов еден жуу туралы ақпарат үшін БАҚ-пен соттаспақ

Фотография - Баймағамбетов еден жуу туралы ақпарат үшін БАҚ-пен соттаспақ

ІІМ бұрынғы басшысы оны еден жууға тек мәжбүрлеуге тырысқандығын айтады. Сот кезінде ол көрген азаптары туралы айтып берді

320 0

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының сотында ҚР ҚМ Кеден бақылауы комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағамбетовке азаптау тәсілін қолданды деп айыпталған АК 159/6 колониясының қызметкерлеріне қатысты сот ісі жалғасуда, деп хабарлайды Today.kz. Зардап шегуші өзінің сөзінде көрген қорлықтарын айтып берді.

Айыптаушы жақ Баймағамбетов 2013 жылы жеткізілген мекемеде оны  "тір дәлізден" өткізгенін айтады. "Бұл шынымен болған, ол дәлелденген", - дейді Шахтинск қаласы прокурорының орынбасары Талғат Әлекпаев.

Зардап шегушінің айтуынша, оны колонияға жеткізген кезде Руслан Поповьян атты қызметкер жаңадан келгеннің бәрі апарылатын карантиндік орынға ертіп апарған. Жол бойында ол Бймағамбетовты колония қызметкерлерінен құралған "тір дәлізден" өткізген. Яғни, бір қатарда тұрған адамдар оған соққы берген. Ал, карантиндік орында Поповьян оған жалаңаш күйінде еден жудыртпақ болған.

"БАҚ-та іс материалдары дұрыс түсіндірілмеген, - дейді Баймағамбетов. – Мен жалаңаш күйде еден жуған жоқпын. Поповьян мені солай істеуге мәжбүр етуге тырысты, бұл өзінше бір дәстүр, бұл сотталушыны бағындыру үшін жасалады, мен бас тарттым".

Баймағамбетов сондай-ақ, оны еден жуған деп жазған БАҚ-пен соттаспақ.

Руслан Поповьян тағылған айыпты мойындаған жоқ. Оның сөзінше, Серік Баймағамбетов бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар сияқты, өз таныстығын пайдаланып, колония қызметкерін сотқа бермек. Сонымен бірге ол, бұрынғы шенеунік колонияға келгенде медициналық қызметкерлер оның денесінен ешқандай жарақат таппағанын атап өтті.

"Соталушы Баймағамбетов – бұрынғы министр жеткізілді, - дейді Руслан Поповьян. Оны азаптау қандай олқылық екенін кім білмейді? Ол VIP белгісімен жеткізілген сотталушы.

"Серік Баймағамбетов – беделді тұлға, ол соны пайдалануда, - дейді айыпталушының адвокаты. – Ол азап көрсету туралы арызды колониядағы мерзімін қысқарту үшін жазып отыр".

Сонымен бірге, айыпталушының адвокаты бұрынғы шенеуніктің сөзін мақұлдаған куәгерлер өтірік айтты дейді.

"Олардың сөзі бір бірін қайталайды, - дейді адвокат. – Міне куәгер Мусуровтың куәлік берген протоколының көшірмесі: "Мен Баймағамбетовты карантиндік орынға апарғанын көрдім, оның даусы естіліп тұрды. Ол өзін нашар сезініп тұрғанын айтты. Оған еденді жу деп айтып жатқанын естідім. Сосын Баймағамбетовтың еденде жатып, өзімді нашар сезініп жатырмын деп жатқанын көрдім". Сонымен бірге, Баймағамбетовтың кушеткада жатқаны – карантиндік орында оған система салып жатқаны белгілі. Кейін Куәгер Мусуров өз сөзінен айныған. Баймағамбетов кушеткада жатты деген".

Серік Баймағамбетов Поповьянның оған колонияның өзге қызметкерлерімен бірге екі рет азап көрсеткенін айтады. Олар іс материалында "анықталмаған тұлғалар" деп көрсетілген. Арыз беруші оларды тани алмаған.

Сот щещімі 27 тамыз күні жария етіледі

Мұның алдында, айптаушы жақ колония қызметкеріне қатысты үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрағаны хабарланған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!