Алматыда есірткі сатты деп айпталған топ 18 жылға сотталуы мүмкін

Фотография - Алматыда есірткі сатты деп айпталған топ 18 жылға сотталуы мүмкін

Айыпталған төрт адамның арасында тұтқындалу кезінде жүкті болған бір жас ана бар, ол тергеу амалдары кезінде босанған

210 0

Тергеу нұсқасы бойынша Алматы аумағында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) мүшелері 16-дан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Айыпталушылар төрт адам – үш ер адам және тұтқындалу кезінде жүкті болған бір жас ана, ол тергеу амалдары кезінде босанған. Оған қатысты прокурор арнайы режимдегі колониясына 16 жылға бостандығынан айыруды сұрап отыр. ҮҚТ мүшелері екі ауыр баптар бойынша айыпталуда: "Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру мен басқару, оған қатысумен тең және "Есірткі, психотроптық заттар мен оған ұқсас заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, сату үшін тасымалдау, жөнелту немесе сату".

Тергеу ісі бойынша, айпталушылар есірткі сатумен 2014 жылдың сәуір айнда айналыса бастаған және сол жылы қараша айында ұсталды. Жалдамалы пәтерде, көлікте және өздерінде мөлшерлеп бөліп қойған гашиш және марихуанна табылған. Оларды болжам бойынша оңтүстік аймақтардан тасымалдаған. Тергеу анықтағандай ҰҚТ келесідей әрекет еткен: мүшелердің бірі тұтынушы іздеген, ал әйел адам диспетчер ретінде қоңырауға жауап берген. ҰҚТ мүшелері банк карточкларын жасаған, оған тұтынушылар қаражат аударған. Кейін тұтынушыға SMS арқылы есірткі жатқан орын жазылып жіберілген. Есірткіні қаланың түрлі нүктелерінде тығып отырған.

Айыпталушылардың өздері айыпты мүлде мойындамауда. Қорғаушылар оларды ақтап алуға тырысуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!