Алматы облысынан шыққан қылмысты әлемнің ірі беделдісі қайтыс болды

Фотография - Алматы облысынан шыққан қылмысты әлемнің ірі беделдісі қайтыс болды

ШҚО ЖКО-ның нәтижесінде Бақыт Каримов қайтыс болды. Ол, Алматы облысынан шыққан қылмысты әлемнің ірі беделдісі, Баха Үшарал лақап атымен белгілі болатын, деп хабарлайды Today.kz.

633 0

ШҚО ЖКО-ның нәтижесінде Бақыт Каримов қайтыс болды. Ол, Алматы облысынан шыққан қылмысты әлемнің ірі беделдісі, Баха Үшарал лақап атымен белгілі болатын, деп хабарлайды Today.kz.
"Оқиға тамыз айының 21-нен 22-не қараған түні, Үржар ауылынан 20 шақырым жерде, республикалық автожолда орын алған. Осы жолда Лексус-570 автокөлігі аударылған. Машинаның ішінде үш адам болған. Жүргізуші жеңіл жарақат алған, артынша жедел жәрдем қызметкерлерінің қарауында болып, ауруханаға жатудан бас тартқан. Тағы біреуі қазіргі кезде аурухнада жатыр. Ал екіншісі қайтыс болған. Аталған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалып, 345 бап (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша бірнеше сараптамалық жұмыстар тағайындалған", - дейді ШҚО ІІД басшысының баспасөз қызметшісі Бақытжан Торғаев.
Торғаевтың айтуынша, сол жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын, жүргізуші түнде орнатылған жол белгілерін дұрыс көре алмай, сол себеті автокөлік аударылған.
"Жолаушы Бақыт Каримов көптеген жарақаттар алып, Үржар ауылдық ауруханасына жеткізілген, алайда сол жерде есін жинамастан бақилық болған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!