Алматы орталығында тұтқынға алған басқыншының есімі белгілі болды

Фотография - Алматы орталығында тұтқынға алған басқыншының есімі белгілі болды

Алматының қақ ортасында атыс ұйымдастырған ер адамның есімі анықталды. Қазіргі кезде оны тұтқындау іс-шаралары жүргізілуде. Бұл туралы ІІД-не сілтеме жасай отырып Today.kz хабарлайды.

286 0

Алматының қақ ортасында атыс ұйымдастырған ер адамның есімі анықталды. Қазіргі кезде оны тұтқындау іс-шаралары жүргізілуде. Бұл туралы ІІД-не сілтеме жасай отырып Today.kz хабарлайды.
"24 тамызда Абылайхан даңғылының бойында екі ер адам кездесіп, сөйлесіп тұрған, артынша ұрыс керіске айналған. Қарыз ақшасын сұраған ер адам қарыз алушыны жұдырықтай бастаған, сол кезде қарыз алушы травматикалық қару алып шығып атып жіберген, алайда мүлт кеткен", - дейді Алматы қаласының ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Травматикалық қарудан оқ атуды тоқтатпастан, ер адам Абылайхан даңғылымен оңтүстік бағытта қаша жөнелген.
"Гоголь көшесінен жоғары жерде автокөліктер тығынға тұрып қалған. Тапаншаны қолданған ер кісі оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан автокөлікке отырмақ болған, алайда жүргізушімен жолаушылар автокөлікті ішінен қымтап алған. Сол жерден жақын маңда УАЗ әскери автокөлігі әсерлермен  келіп тоқтап жатқан, қашқындағы жігіт сол автокөлікке отырып, әскери адамның басына тапанша тақап алға қарай жүруін бұйырған. Әскери автокөліктің алдына бір куәгер шығып тоқтатпақ болған. Соған қарамастан қаруланған жігіт жүргізушіге қозғалысты жалғастыруын бұйырған. Жолды бөгет жасаған куәгерді автокөлік 10 метрдей жерге сүйреген", - дейді Әзірбек.
Қазіргі кезде қылмыскердің кім екені анықталды, қылмыстық іс ҚР ҚК 293 бабы 3 тарауы (Бұзақылық) бойынша қаралуда. Куәгрлер куәлік етуде, сол маңайда жүрген ешкім зардап шекпеген.

 


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!