Алматыда 36 адам дөнер жеп ұшынған

Фотография - Алматыда 36 адам дөнер жеп ұшынған

Алматыда соңғы күндері астан ұшынғандар саны артқан. Олардың басым бөлігі қоғамдық тамақтану орындарынан дәм татқан екен.

346 0

Алматыда соңғы күндері астан ұшынғандар саны артқан. Олардың басым бөлігі қоғамдық тамақтану орындарынан дәм татқан екен. Қазіргі кезде бас-аяғы 36 адам ауруханада жатыр, деп хабарлады КТК телеарнасы. 

Бас ауырып, дене қызуы көтеріліп, іші ауырғандар жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Анықталғанындай, олардың бірнешеуі дөнер сататын бір нысанның асын ішіпті. Ал санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізген соң кәсіпкердің сапасыз тағам сатқанымен қатар, тазалыққа да мән бермегені анықталды. Сондай-ақ, аспаздардың медициналық кітапшалары жоқ болып шыққан. Оларға қатысты хаттама толтырылып, іс сотқа жолданбақ. 

- Жедел тамақ пісеретін орын жұмысы тоқтатылды. Медициналық тексерістен өтпеген жұмысшыларды жұмыстан босату туралы қаулы шығарылды. Тексеру тек нақты факт бойынша жүргізіледі, - деді Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжапарова.

 


Тегтер:

Алматы дөнер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!