Журналист Илона Екшембеевамен бұрын бірге тұрған ер адам оны өлтіргеннін мойындады.

Фотография - Журналист Илона Екшембеевамен бұрын бірге тұрған ер адам оны  өлтіргеннін мойындады.

Сот залындағы соңғы сөзінде Андрей Алимов барлығынан кешірім сұрап, Екшембееваны сүйгендігін айтты

200 0

Алматы қаласының ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотта соңғы сөзін айтқан белгілі сценарист және продюсер Андрей Алимов бұрын бірге тұрған журналист Илона Екшембееваны өлтіргендігін мойындады. Айтуы бойынша, ол әйелдің жүрегіне пышақ сұққан, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Сот залында Андрей Алимов Илона Екшембееваның туған әпкесіне қарап сөз айтты.

"Саяна, өкінішке қарай, біз бұрын таныс емес едік. Мен Илонаны сүйетінмін, шынымен, ешнәрсеге қарамастан. Мен мың рет кінәлімін – сүйіктімді қорғап қалғаным үшін, менің кінәмнен ол арамызда жоқ. Мені бұл үшін кешіруді сұраймын. Сот процессінің барлық қатысушыларына айтқым келеді – "сүйемін" деп жиірек, көбірек айтыңыздар. Сіз оған үлгермей қалуыңыз мүмкін. Қош болыңыздар", - деді соңғы сөзінде Алимов.

Естеріңізге салсақ, Илона Ешкембееваның денесі осы жылдың наурыз айында өз пәтерінде табылған болатын.

Екшембееваның әпкесі Саяна Алимовты кешірмек ниетте емес және соттан оны заң бойынша жазалауды талап етуде.

"Арыз бойынша менің отбасыма келтірілген қосымша бес миллион теңге көлемінде моральдық және 710 мың теңге мүлік зияны үшін өтемақы сұраймын. Судьяның менің қолымда Илонаның кәмелетке толмаған ұлы қалғандығын назарға алуды сұраймын", - деді Екшембееваның әпкесі.

Кейін, судья Ербол Болатов Алимовке тергеу кезінде жүргізілген сот-психологиялық сараптаманың нәтижелерін жария етті.

"Сот-психологиялық сараптаманың нәтижесі: айыпталушы 1971 жылы туған Андрей Алимов психологиялық ауруларға душар емес, Алимовте шегаралық-эмоционалды ауытқу синдромы анықталған. Қылмыс кезінде психологиялық сау күйде болған және өз істеріне есеп бере алған. Емдеуді қажет етпейді. Тұтқындау кезінде Алимов орта деңгейдегі мастық күйде болды", - деді судья Ерлан Болатов.

"Менің қорғауымдағы адам кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінді, біз Илона Екшембееваның отбасынан кешірім сұраймыз. Сондай-ақ, сот Алимовтың қарауында екінші топтағы мүгедек анасы барын және қарындасы мен кәмелетке толмаған ұлы қалғанын назарға алуды сұраймын. Алимов бұрын сотталмағандығын ескере отырып, ол  үшін ең төменгі жазаны сұраймыз", - деді Алимовтың адвокаты.

Мемлекеттік айып Алимов үшін ҚР ҚК 99-бабының 1 тармағы "Өлтіру" бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырып, оны қатал режимдегі коллонияда өтеу жазасын сұрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!