Қазақстандық продюссер Андерй Алимовты 10 жылға соттады

Фотография - Қазақстандық продюссер Андерй Алимовты 10 жылға соттады

Ер адам өзі өлтірген журналист әйелдің отбасына үш миллион теңгеге жуық өтем төлейді

209 0

26 тамыз Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында белгілі журналист Илона Екшембееваны өлтірген продюссерге қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"1971 жылы туған Андрей Алимовты ҚР ҚК 99-бабының 1 тармағы ("Өлтіру") бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырып, оны қатал режимдегі түзеу коллониясында өтейді. Екшебееваның туысының азаматтық арызының бір бөлігін қанағаттандырып, Алимовты екі ай ішінде 2 миооин теңге моральдық және 710 мың теңге мүлік зияны үшін өтем төлеуге міндеттеледі", - деді судья Ербол Болатов.

Еске салсақ, журналист Илона Екшебееваны өлтірді деп айыпталған Алимов өз кінәсін толық мойындады. Ол сот залында соңғы сөзін Екшембееваның туыстарына қаратып айтты.

"Мен Илонаны сүйетінмін, шынымен, ешнәрсеге қарамастан. Мен мың рет кінәлімін – сүйіктімді қорғап қалғаным үшін, менің кінәмнен ол арамызда жоқ. Мені бұл үшін кешіруді сұраймын. Сот процессінің барлық қатысушыларына айтқым келеді – "сүйемін" деп жиірек, көбірек айтыңыздар. Сіз оған үлгермей қалуыңыз мүмкін. Қош болыңыздар", - деді соңғы сөзінде Алимов.

Журналист Илона Екшебееваның пышақ жарақаттары бар өлі денесі 2015 жылы 12 наурызда өз пәтерінен табылған болатын. Илона Екшембеева түрлі уақыттарда "Литер", kult.kz, Алматының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде қызмет еткен. Екшембееваның жасы 40 еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!