Кісі өлтіргені үшін он жылға сотталды - БҚО

Фотография - Кісі өлтіргені үшін он жылға сотталды - БҚО

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Азамат Алдамжаров ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі (1997 жылғы редакцияда), 335-бабы 1-бөлімі 1-тармағымен айыпты деп танылып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды

205 0

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Азамат Алдамжаров ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі (1997 жылғы редакцияда), 335-бабы 1-бөлімі 1-тармағымен айыпты деп танылып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Алдамжаров төбелеске ұласқан өзара келіспеушілік кезінде жәбірленушіні еденге жығып, бірнеше рет соққы жасап, ақыры тұншықтырып өлтірген. Кейін қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кету мақсатында мүрдені жасыру жөнінде Жансейіт Әділов пен Жанат Тамашевқа айтқан. Соңғы екеуі ҚР ҚК 363-бабына сәйкес айыпты деп танылғанымен, ҚР ҚК 71-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!