Алматыда екі әйелдің қатысы бар ЖКО салдарынан зардап шеккен азамат оқиғаның мән-жайын айтып берді

Фотография - Алматыда екі әйелдің қатысы бар ЖКО салдарынан зардап шеккен азамат оқиғаның мән-жайын айтып берді

Оның айтуынша, оқиғаға кінәлілердің көлігі үлкен жылдамдықпен жүрген

281 0

Алматыда екі әйелдің қатысы бар ЖКО салдарынан зардап шеккен азамат бүгін, қыркүйектің 2 күні, сот барысында оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Today.kz  тілшісі.

69 жасар зейнеткер Асылбек Бекбатыровтың айтуынша, екі мас әйел басқарған көлік оның автокөлігіне соқтығысқан оқиға болған күні ол үйіне келе жатқан. "Мен келе жатып Toyota Rav4 көлігін көрдім. Ол жоғары жақтан келе жатты, сосын бір көлікті сырып өтіп, тоқтап қалды. Мен көлік енді жүрмейтін шығар деп ойладым. Кенет көлік аса үлкен жылдамдықпен орнынан жұлқына қозғалды. Олар өтіп кетсін деп мен тез оңға алдым. Мен көлігіме олар қалай соғылғаны есімде жоқ – мен алдыңғы терезеге баспен соғылып, есімнен танып қалдым", - дейді Асылбек Бекбатыров, сонымен бірге, оның ойынша Rav4 көлігі сағатына 100-120 километр жылдамдықпен жүргенін айта кетті және айыпталушылардың қайсысы көлікті басқарғанын байқамағанын жеткізді.

Асылбек Бекбатыров іс бойынша ресми түрде зардап шегуші деп мойындалмаған, ол тек куәгер болып келеді. Дегенмен, оның сөзінше, ол оқиға салдарынан ауыр жарақат алып, бірнеше ай емдеуде жатқан және басына ота жасатқан.

Естеріңізге салсақ, алматының тұрғындары Зайра Серікбаева мен Айгүл Есембаева ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы (жолережесін бұзу немесе адамның қаза болуына алып келген көлікті басқару) және ҚР ҚК 349-бабының 3-тармағы (көлікті басқаруға құқы жоқ адамға көлікті басқаруға жол берген) бойынша айыпталуда.

Тергеу мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың мамыр айында "Қалқаман" ықшамауданында 34 жасар жергілікті тұрғын және оның әйел досы мас күйінді көлікті басқару сабақтарын жүргізген. Нәтижесінде рөлдегі әйел жол шетінде тоқтап тұрған "Мерседес" көлігін соққан. Жүрісін жалғастырып, екі жаяу жүргіншіні қаққан: 15 жасар қызды және балар арбасын, оның ішінде 4 айлық бала болған. Содан кейін, Rav4 ішінде Асылбек Бекбатыров болған "Фольксваген" көлігіне соғылған, одан кейін металлдан жаслған газ тірегіне және жол бойында тұрған "Тойота Карина" көлігіне барып соғылған.

Оқиға салдарынан 4 айлық бала қайтыс болды, оның 15 жасар әпкесі аяғы сынып балалар ауруханасына жатқызылды. 69 жасар "Фольксваген" жүргізушісі бас сүйегі-ми зақымын және бас жарақатын алған.


Тегтер:

алматы жко

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!