Шымкенттің түнгі клубында атыс болды

Фотография - Шымкенттің түнгі клубында атыс болды

Шымкентте белгісіз біреулер түнгі үштер шамасында әлі анықталмаған көлікпен келіп оқ атқан, деп хабарлайды Today.kz.

181 0

Шымкентте белгісіз біреулер түнгі үштер шамасында әлі анықталмаған көлікпен келіп оқ атқан, деп хабарлайды Today.kz.

"Салдарынан түнгі клубтың күзетшісі, Шымкент қаласының 1993 жылы туылған тұрғыны мен 1996 жылы туылған такси жүргізушісіне оқ тиіп жеңіл жарақат алған. Бүгінгі таңда күдіктілер анықталып, аталмыш жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы "Қару пайдалану арқылы бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция қызметкері Кенжебек Ондасынов.

Қазіргі кезде ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасы мен Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің қызметкерлерімен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді іздестіру амалдары жүргізілуде.

Куәгерлердің сөзінше, автокөлік маркасы Лексус және оқты мылтықтан жаудырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!