Алматыда "Рахат" пен тағы бір компания арасында жер дауы туындады

Фотография - Алматыда "Рахат"  пен тағы бір компания арасында жер дауы туындады

"Рахат" акционерлік қоғамы "Алматы Логистик Центр" ЖШС-сын жерді өз бетінше басып алды деп айптауда

283 0

"Рахат" акционерлік қоғамы "Алматы Логистик Центр" (АЛЦ) ЖШС-сын ортақ пайдаланудағы жерді өз бетінше басып алып, пайдалану құқығын заңсыз шектеді деп айптауда, деп хабарлайды Today.kz "Рахат" АҚ қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасай отырып.

АҚ хабарлауынша, Алматыда 15 тамыз күні "Рахат" фабрикасының орталық кіре берісінің алдына АЛЦ өкілдері қоршау сала бастаған, АЛЦ түсіндіргендей ол жол жөндеумен байланысты.

АЛЦ, "Рахат" және "Гидромаш-модуль" ЖШС бөлінбейтін жер телімінің иесі болғандықтан "Рахат" бұл әрекетті заңсыз деп таныды.

"Қоршау орнатылған жер, АЛЦ жекеменшігінде емес және берілген жер телімін басқалай пайдалануға құқығы жоқ, ал берілген жер телімі ортақ пайдалануда және мемлекет меншігінде", - дейді "Рахат" өкілі.

Компаниядан хабарлағандай, 28 тамыз күні АЛЦ ортақ пайдаланудағы жерге шлагбаум орнатып, "Рахат" қоғамының орталық базасына кірер жолды әдейі жапқан, бұл шикізат және дайын өнім тиелген 37 жүк көлігінің толықтай тоқтауына әкелді.

"Біз  АЛЦ-ның бұл әрекеті "Рахат" АҚ кәсіптің ісіне кедергі жасап, 10 жылға созылып келе жатқан жерді бөлісуге байланысты АЛЦ-ға тиімді іске мәжбүрлеу үшін жасалды деп ойлаймыз", - дейді "Рахат" компаниясында.

АҚ хабарлауынша, Түркісіб ауданы әкімдігіне, Түркісіб ауданы прокуратурасына, Алматы ТЖД, ГАСК, Алматы қаласы Жерлерді пайдалану мен қорғауды бақылау көмитетіне жолданған шағымдар нәтиже бермеді.

"Өкінішке қарай, мұндай істерді доғарып, оларды болашақта жол бермеу керек болған биліктің әрекетсіздігін айтқымыз келеді", - деп атап өтті компанияда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!