Алматы тұрғыны сыныптас қызын ұрлап, оны өлтірді деп айыпталуда

Фотография - Алматы тұрғыны сыныптас қызын ұрлап, оны өлтірді деп айыпталуда

Қыздың мәйіті күре жол бойындағы құдықтан табылды

302 0

Алматы полициясы адамды ұрлады және өлтірді деген күдікпен 20 жасар тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Today.kz Алматы қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы полициясына Алатау ауданының тұрғыны өзінің қарындасының – қаладағы оқу орындарының біріндегі студент қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

"Арыз берушінің мәліметінше, қыз бала 31 тамыз күні сағат таңғы 10-да үйден шығып кеткен. Сол күні оның телефонына белгісіз адамнан туысының ұрланғаны және оны босату үшін төрт миллион теңге талап етілген хабарлама келген. Берілген қылмысты ашу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздеу шараларының нәтижесінде, хабарсыз жоғалып кеткен қыздың банкомат карточкасынан ақшаның бір бөлігі шешілгеннен кейін күдікті – 20 жасар Қызылорда облысының тумасы ұсталды. Анықталғандай, олар бұрын сыныптас болған, ал кейін бір топта оқыған екен", -деп нақтылады істің мән-жайын Алматы қаласының Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы полковник Танат Назанов.

Сондай-ақ, ол тергеу амалдарының бас кезінде күдікті адам ұрлағанын мойындаған. Одан кейін тергеушілер ер адамның қызды ұрлағаннан кейін бірден өлтіргенін анықтағанын жеткізді.

 

"Жедел іздестіру шаралары барысында жол бойындағы құдықтан жоғалып кеткен 1995 жылы туған қыздың мәйіті табылған. Оның денесінен көптеген пышақ іздері табылған және қол аяғы жіппен байланған. Күдікті уақытша қамау абақтысына қамалған. Тергеу Басқармасында ҚР ҚК 125-бабы (адам ұрлау) және 99-бабы (өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді полковник.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!