Ақмола облысында полицей жүргізушіден параны ет түрінде алған

Фотография - Ақмола облысында полицей жүргізушіден параны ет түрінде алған

Ақмола облысының Ақкөл ауданында көлік жүргізушіден заңсыз түрде қойдың етін алған полиция инспекторы 3 жылға сотталды

201 0

Ақмола облысының Ақкөл ауданында көлік жүргізушіден заңсыз түрде қойдың етін алған полиция инспекторы 3 жылға сотталды. 

Аудандық сот ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша үкім шығарды.

ІІБ-нің әкімшілік полиция инспекторы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, азамат У-ды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес 6 жылға көлік басқару құқығынан айырыласың деп алдап, одан заңсыз түрде қойдың етін алған.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот инспекторды кінәлі деп тауып, оған жаза ретінде өзіне тиесілі жеке мүлкін тәркілеп, полиция капитаны шенінен және мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырды және жалпы режимдегі түзету колониясында 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!