Пара ретінде қой етін алған полиция инспекторы үш жылға сотталды

Фотография - Пара ретінде қой етін алған полиция инспекторы үш жылға сотталды

Ақмола облысының Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша Ақкөл ауданының ІІБ-нің әкімшілік полиция инспекторына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен

190 0

Ақмола облысының Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша Ақкөл ауданының ІІБ-нің әкімшілік полиция инспекторына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

Сотқа белгілі болғандай аталған инспектор өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, азамат У- ға қатысты әкімшілік іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес келетінін біліп, яғни жаза ретінде 6 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалады деп жаңылыстырып алдаған және азамат У-дан заңсыз түрде қой етін алған.
Сот инспекторды кінәлі деп танып, оған жаза ретінде өзіне тиесілі жеке мүлкін тәркіледі, сондай-ақ, полиция капитаны шенінен және мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырды және жалпы режимдегі түзету колониясында 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!