Жаңаөзенде мұнай базасындағы өрт жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған - ТЖД

Фотография - Жаңаөзенде мұнай базасындағы өрт жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған - ТЖД

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласындағы "Батша Қуан" ЖШС-нің мұнай базасындағы өрт мұнай сақтайтын резервуарды дайындау кезінде шыққан.

252 0

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласындағы "Батша Қуан" ЖШС-нің мұнай базасындағы өрт мұнай сақтайтын резервуарды дайындау кезінде шыққан. Сондай-ақ,ТЖД мамандары өрт резервуардың өзінде болмағанын хабарлап отыр. 

"Өрт №8 резервуарында болмаған. Оның жанында АИ-80 жағармайын құю кезінде болған. Өрт аумағы 40 шаршы метрді шарпыды, оқиға себебін мамандар анықтап жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнар Ходжабекова.

Оның айтуынша, өрт Астана уақытымен сағат 11-03 те шыққан, 26 минуттан соң, яғни, сағат 11-26-да "ауыздықталып", 11-38-де толықтай сөндірілді. Оған 25 адам мен 7 техника бірлігі жұмылдырылды.

База аумағында 16 мұнай сақтағыш бар.

null 

null  


Тегтер:

ТЖД Жаңаөзен

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!