Атырауда 777 000 теңге пара алған мемқызметші жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болды

Фотография - Атырауда 777 000 теңге пара алған мемқызметші жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болды

Атырау қаласының №2 сотында "Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі бөлім басшысы М.Ажарбековқа қатысты қылмыстық істі қаралды.

291 0

Атырау қаласының №2 сотында "Атырау облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі бөлім басшысы М.Ажарбековқа қатысты қылмыстық істі қаралды. Ол пара алды деп айыпталған, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен. 

Қылмыстық іс материалдарында анықталғандай, М.Ажарбеков 777 000 тенге көлемінде пара алған. Ол "МНСК Синопек Қазахстан" ЖШС өкілінен шетелдік жұмыс күшін пайдалану мен оның мерзімін кедергісіз ұзартуға рұқсат бере аламын деп уәделескен.
Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде (пара алу) көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағандығы үшін кінәлі деп танылды. Оны жеке мүлкін тәркілей отыра төрт жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыспау жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орыны жалпы режимдегі колониясына белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!