Павлодар әуежайының қызметкерлері ұялы телефон ұрлаумен айналысқан

Фотография - Павлодар әуежайының қызметкерлері ұялы телефон ұрлаумен айналысқан

Павлодар станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері 5 бірдей телефонды ұрлаған әуежайдың үш қызметкерін қолға түсірді деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

258 0

Павлодар станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімінің криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері 5 бірдей телефонды ұрлаған әуежайдың үш қызметкерін қолға түсірді деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. 

Күдіктілер 20 тамыз күні «Алматы-Павлодар» бағытында ұшатын ұшақтың жолаушысының жүгін ақтарып, ішіндегі ұялы телефондарды қолды еткен. Келтірілген жалпы шығын 99 мың теңгені құрап отыр.

Тәртіп сақшылары ұрланған телефондарды заттай айғақ ретінде тәркілеп алды. Ұсталғандар бұған дейін де жолаушылар жүгіне қол салуы мүмкін, анық-қанығын полицейлер анықтап жатыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!