Қарағанды облысында ер адам екі келі марихуанамен ұсталды

Фотография - Қарағанды облысында ер адам екі келі марихуанамен ұсталды

Қарағанды облысы Саран қаласында 2 келі марихуанамен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.

241 0

Қарағанды облысы Саран қаласында 2 келі марихуанамен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен. 

"Жедел іздестіру шараларын өткізу барысында Саран қалалық ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғыннан екі келіден астам марихуана тәркіледі. Есірткіні үйінде балалардың тағамына арналған банкіде сақтаған, барлығы 8 банкі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Ер адам есірткіні өзі тұтыну үшін сақтағанын айтты.

Ұсталған ер адам уақытша қамау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!