Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдің жағдайы әлі де ауыр

Фотография - Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдің жағдайы әлі де ауыр

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, 33 жастағы әйел мен 1,5 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

320 0

Алматыда балаларын балконнан лақтырып артынан өзі секіріп кеткен әйелдің жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды nur.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, 33 жастағы әйел мен 1,5 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалалық ІІД баспасөз хашысы Салтанат Әзірбек хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша соталды тергеу істері басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Айта кету керек, оқиға өткен сенбі күні таңғы 9-да Сәтбаев-Бауман көшесінің қиылысында орналасқан үйде болған.

33 жастағы келіншек 5 қабатты үйдің балконынан екі қыз баланы лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ол балалардың анасы екен.

Салдарынан 8 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмса, 1,5 жасар бүлдіршін мен оның анасы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Қазір олар әлі есін жиған жоқ.

Ертеректе, Алматы қаласының ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек кәмілет жасына толмаған екі басласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген анаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғандығын хабарлаған.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!