Балабақша директорына 1,4 млн. жуық теңге айыппұл салынды - БҚО

Фотография - Балабақша директорына 1,4 млн. жуық теңге айыппұл салынды - БҚО

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

318 0

Орал қалалық сотының үкімімен балабақша директоры Қарлығаш Арыстанова ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігі (лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану) бойынша айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 700 АЕК көлемінде 1 млн. 387,4 мың теңге айыппұл салынды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

"Березка" МККК және №49 "Ақ ниет" балабақша-яслиінің директоры қызметін атқарған Қ.Асқарова өз міндетін орындамаған, жұмыс орнында болмаған адамдарға негізсіз жалақы аударып отырған. Сөйтіп мемлекетке 508 706 теңге залал келтірген. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!