Пара алған полиция қызметкеріне 6 млн. теңге айыппұл салынды - БҚО

Фотография - Пара алған полиция қызметкеріне 6 млн. теңге айыппұл салынды - БҚО

Орал қалалық сотының үкімімен Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімінің жедел уәкілі А.Қадыров ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімімен айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге параның алпыс есе көлемінде 6 млн. теңге айыппұл салынды.

410 0

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сонымен қатар А.Қадыров құқық қорғау органдарында өмір бойы қызмет атқару құқығынан және полиция капитаны арнайы шенінен айырылды.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, биылғы мамыр айында Оралдағы кафелердің бірінде азаматшаның ұялы телефоны қолды болған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі А.Қадыровқа жүктелген. Ол күдіктіні анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 200 мың теңге "қажет екендігін" айтқан. Ақыры полиция қызметкері күдіктіден 100 мың теңге алу үстінде қолға түсті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 
Пара алған полиция қызметкеріне 6 млн. теңге айыппұл салынды - БҚО  

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!