Жамбыл облысында ауыл әкімі сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

Фотография - Жамбыл облысында ауыл әкімі сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

Жамбыл облысы Сарысу аудандық прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде Тоғызкент ауылдық округінің әкімі өзіне тиесілі міндеттерін дұрыс орындамауы салдарынан мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу кезінде бұрыс ақпарат берген фирма мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы болып танылмаған, деп хабарлайды Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

426 0

Атап айтқанда, ЖШС-і 20.08.2015 жылы өткен әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу қызметін мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған, алайда ол мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұза отырып, бұрын өткізген жөндеу жұмыстары бойынша дұрыс емес ақпарат берген.

24.12.2015 жылы әкім алдымен фирманы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тануға сотқа арыз берген, бірақ кейіннен еш себепсіз өзі арызын қайта кайырып алған. Салдарынан жалған мәлімет берген фирма жауапкершіліктен жалтарған. Аудандық прокуратураның ұсынысын қарау қорытындысы бойынша, ауыл әкімі сыбайлас жемқорлық сипаты бар құқық бұзушылық жасағандығы үшін қызметіне сәйкес еместiгi туралы ескерту түрінде жауапқа тартылды.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!