Алматыда терезеден лақтырып жіберген қызды құтқарған жігіт оқиғаны толығымен баяндап берді

Фотография - Алматыда терезеден лақтырып жіберген қызды құтқарған жігіт оқиғаны толығымен баяндап берді

Бесінші қыркүйекте Алматыда орын алған естентандырарлық оқиғаның анық қанығын Today.kz тілшісі анықтаған болатын.

345 0

Бесінші қыркүйекте Алматыда орын алған естентандырарлық оқиғаның анық қанығын Today.kz тілшісі анықтаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйекте Алматының Сәтпаев көшесінде 33 жастағы әйел бесінші қабаттың балконынан кәмілет жасына толмаған екі баласын лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен. Оқиғаға куә болған жергілікті көкөніс пен жеміс-жидек сатушы біржарым жастағы қызды аман алып қалғандығын айтқан. Оның айтуынша 10 жасар үлкен қызды бірінші лақтырғанда ол бірінші қабаттағы дүкеннің шатырына құлаған
"Қыз басынан қатты соққы алды. Мен құбырмен жоғары көтеріліп күнқағарға шығып, қызды құлап келе жатқан жерінен қолынан ұстап қалдым. Оның сол кезде дем алып жатқанын байқап, ақырын шетке қарай қойдым. Сол кезде бесінші қабаттағы пәтерден айқайлаған дауыстарды естідім", – дейді Шәріпбек.
Ер адам айқайлап жатқан, үлкен қыз екендігін айтқан. 10 жасар қыз түн киімін киген, оның айтуынша ол алысып терезеге аяғымен жармасып тұрған. Шәріпбектің сөзіне қарағанда арғы жағынан әйел адам қолына пышақ ұстап қыздың арқасына сұғып алып, артынша лақтырып жіберген. Соңғы естіген қыздың сөзі "Ана керек емес!". Қыз асфальтке құлап, сол жерде мерт болған.
"Мен құлаған қызға дереу жүгіріп барып басын көтеріп жатқанымда, қыздың анасыда секіріп кетіп, маған қарай құлап келе жатқанын байқадым", - дейді ер адам.
Соған қарамастан, көршілер ол әйелдің сабырлы барлығымен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтқан. Олар пәтер жалдап тұрған. Олардың айтуынша, осы үйдің отағасы мешіт қызметкері, ал үлкен қызы мектепке баратын. Ер адамды әрқашанда азық-түлікпен көретінін және қолынан келгенінше барлығына көмектесіп жүретіндігін айтқан.
Шәріпбектің айтуынша, оқиғадан кейін сол үйдің отағасын көрген. Ол бетін жауып, еңіреп жүрген.
Қазіргі кезде дәрігерлер аман қалған қыздың тағдыры үшін күресуде. Екеуіде әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Балаларын терезеден лақтырып жіберген алматылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

 


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!