Шымкентте жүк пойызының вагондары аударылып қалды

Фотография - Шымкентте жүк пойызының вагондары аударылып қалды

Бүгін таңғы бестер шамасында Шымкент қаласындағы "Стандарт цемент" АҚ-ның теміржол тұйығында маневр тепловозы мен 4 вагон теміржолдан шығып кетті деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі

228 0

Бүгін таңғы бестер шамасында Шымкент қаласындағы "Стандарт цемент" АҚ-ның теміржол тұйығында маневр тепловозы мен 4 вагон теміржолдан шығып кетті деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 12 қызметкер мен 3 бірлік техника, "ҚТЖ" ҰҚ АҚ-ның жөндеу-қалпына келтіру бригадасынан 20 адам және "Стандарт цемен" АҚ-ның өкілдері жұмылдырылған. Абырой болғанда, аталған жайттан ешкім зардап шеккен жоқ. Тіпті, өзге пойыздардың қозғалысына да кедергі келтірілмеді дейді ТЖД өкілдері.

Айта кетейік, аударылған 4 вагонның бірінде көмір тиелген, қалғандары бос болған. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!