Полиция қарасораның жасырылған егістерін тікұшақ арқылы анықтады

Фотография - Полиция қарасораның жасырылған егістерін тікұшақ арқылы анықтады

8 млн. астам марихуананың бір реттік дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол берілген жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінде хабарланды

233 0

8 млн. астам марихуананың бір реттік дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол берілген жоқ. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінде хабарланды.

"ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті "Көкнәр" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында шілде-тамыз айларында еліміздің өңірлеріндегі қосымша күш-құралдарды, Ұлттық Ұланның «Бүркіт» арнайы бөлінісін тарту арқылы еліміздің оңтүстік өңірлерінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру плантацияларын анықтау және жолын кесу бойынша мүлтіксіз шаралар қабылданды", - деп атап өтті ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің бастығы Сұлтан Құсетов.  

Қарасораның пісіп-жетілуі мезігілінде мұндай операциялардың уақтылы өткізілуі өз нәтижелерін берді. Ағымдағы жылғы тамызда полиция қызметкерлері қарасораны заңсыз егіп-өсіруге қатысы бар 25 адамды ұстады. 50 гектардан асатын жалпы аумақта өсірілген қарасораның 49 плантациясы анықталды, осы өсімдіктің 34 мың сабағы тәркіленді. Олардың жалпы салмағы 41 тоннаны құраған. 

8 млн. астам марихуананың бір реттік дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол берілген жоқ.

Барлық фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің "Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру" 300-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерлер құрамында есірткісі бар өсімдікті өсіру үшін алқаптарды дайындау кезінде көбінесе ауыл шаруашылығы мамандарын қатыстырған, сондай-ақ қылмыстық әрекетті жасыруға мүмкіндік беретін барлық факторларды қолданған. Қарасора жолдардан және халық орналасқан жерлерден алшақ аймақтарда егілген, мұндай алқаптарды жоғары өтімділігі бар автокөліктерді қолданса да іздеп табу мүмкін емес. Осы орайда қарасораны егіп-өсіру аумақтарын тек тікұшақты қолдану арқылы табуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!