Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі пара алды деген күдікпен 2 айға қамауға алынды

Фотография - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі пара алды деген күдікпен 2 айға қамауға алынды

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі Нұржан Әбілдин пара алды деген күдікпен 2 айға қамауға алынды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен

255 0

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі Нұржан Әбілдин пара алды деген күдікпен 2 айға қамауға алынды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

"Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен Н. Әбілдинге қатысты екі ай қамауға алу шарасы санкцияланды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот ақпаратынша, аудан әкімі ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Сот тергеу кезінде күдікті куәгерлерге қысым көрсетіп, тергеуге бөгет келтіруі мүмкін деген болжаммен келісіп, бұлтартпау шарасын санкциялады.  

Бұрын хабарланғандай, 2 қыркүйекте Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі Нұржан Әбілдин жемқорлықпен айналысты деген күдікпен ұсталған болатын.   

Н.Әбілдин үш ай Осакаров ауданының әкімі болып қызмет етті. Оған дейін сол ауданның әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!