Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел есін жинады

Фотография - Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел есін жинады

Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдің де оның баласының да жағдайы сəл жақсарды. 8 қыркүйекте қалалық Денсаулық сақтау басқармасы осы мəселеге қатысты баспасөз мәслихатын өткізді

773 0

Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйелдің де оның баласының да жағдайы сəл жақсарды. 8 қыркүйекте қалалық Денсаулық сақтау басқармасы осы мəселеге қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы nur.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып, хабарлайды.

Балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел мен оның 1,5 жастағы бүлдіршіні жасанды демалу аппаратынан шығарылды.

Олар өздері демалып жатыр. Басқарма басшысы Жанат Қасымжанованың айтуынша, жедел жəрдем 7 минут ішінде жеткен.

"Олардың миы шайқалып, басынан жарақаттанған. Сүйектерінің сынықтары көп. Ішкі органдары қатты соққы алған. Үшінші деңгейдегі травматологиялық шок бар. Əлі жансақтау бөлімінде жатыр. Әйел қазір еміс-еміс есін жиды", – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, осыдан бір сағат бұрын консилиум өтті. Әйел травматикалық шоктан шыққан соң дəрігерлер ота жасау мəселесін қарастырады.

Ол консилиум шешемінен кейін 8-10 күн арасында болмақ. Емдеуге қаладағы ең үздік дəрігерлер ат салысып жатыр.

Әйелмен психологтар жұмыс жасайтын болады. Құқық қорғау органдары оның жағдайы жақсарып, гемодинамикасы орнына келген соң ғана жұмысқа кіріседі.

Жапа шегушінің анасы мен баласына туысқандары келіп жатыр. 33 жастағы әйел мен 1,5 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалалық ІІД баспасөз хашысы Салтанат Әзірбек хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Айта кету керек, оқиға өткен сенбі күні таңертеңгі 9-да Сәтбаев-Бауман көшесінің қиылысында орналасқан үйде болған.

33 жастағы келіншек 5 қабатты үйдің балконынан екі қыз баланы лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ол балалардың анасы екен.

Салдарынан 8 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмса, 1,5 жасар бүлдіршін мен әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Ертеректе, Алматыда терезеден лақтырып жіберген қызды құтқарған жігіт оқиғаны толығымен баяндап берді деп хабарлаған болатынбыз.

Қалалық ІІД өкілі хабарлағандай, келіншектің күйеуі бар, толыққанды отбасы екен. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны жұмбақ болып отыр.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!