Балконнан балаларын лақтырып жіберген алматылық оқиғаның қалай болғандығын есіне түсіре алмады (видео)

Фотография - Балконнан балаларын лақтырып жіберген алматылық оқиғаның қалай болғандығын есіне түсіре алмады (видео)

Балаларын балконнан лақтырып жіберген алматылықтың анасы немерелерімен және қызымен болған кездесуі жайында айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

355 0

Балаларын балконнан лақтырып жіберген алматылықтың анасы немерелерімен және қызымен болған кездесуі жайында айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

"Суицид – бұл 21 хасырдың ауруы. Басқа жорамалымыз жоқ. Бірнеше күн бұрын мен олардың үйінде болып немерелерімді ойнатқанмын, бәрі жақсы болатын. Біз ешкімді кінәләмаймыз, күйеу баламызға да кінә тағудан аулақпыз. Менің қызым ешқандай ауырпашылық көрмеді. Олар жақсы тұратын, күйеу баламыз қыздарды жақсы бағып қақты. Ешқашан ұрыс-керіс болған емес. Бүгін қызым есін жиды, алайда ол болған жайтты есіне түсіре алмады", - деп мән жайды түсіндірді қайтыс болған Айшаның апасы Ұлбосын Ілиясқызы.

Үйдің отағасы Саясат Бәйкен мешітінің қызметкері. Осы мешіттің бас имамы оқиғадан кейін оның жағдайы туралы баяндап берді. Құлмұхаммед Маханбеттің айтуынша "қатты күйзелісте" болған.

"Оқыс оқиғадан соң ол мешітке келді – оған ауыр соққы болды. Отбасынан айырылған адамға жүрудің өзі қиын. Кеше кішкене қызды жерледік. Қайтыс болған қыздың денесін оның апасының үйінен шығардық. Жерлеу рәсіміне дін істер басқармасының өкілдері қатысты. Біз Саясатқа қолымыздан келген көмектің барлығын жасаймыз", - деді имам.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйекте Алматының Сәтпаев көшесінде 33 жастағы әйел бесінші қабаттың балконынан кәмілет жасына толмаған екі баласын лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен. 10 жасар үлкен қызы құтқару қызметі келгенше сол жерде бақилық болған. Қазіргі кезде дәрігерлер аман қалған қыз бен анасының тағдыры үшін күресуде.

Оқиғаға куә болған жергілікті көкөніс пен жеміс-жидек сатушы біржарым жастағы қызды аман алып қалғандығын айтқан.

Ертеректе, Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел есін жинады, деп хабарлаған болатынбыз.

Қалалық ІІД баспасөз хашысы Салтанат Әзірбек хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Қалалық ІІД өкілі хабарлағандай, келіншектің күйеуі бар, толыққанды отбасы екен. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны жұмбақ болып отыр.

 


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!