Қарағанды облысында героин сатқан полицей ұсталды

Фотография - Қарағанды облысында героин сатқан полицей ұсталды

Қарағанды облысында есірткі сатқаны үшін полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен

156 0

Қарағанды облысында есірткі сатқаны үшін полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

"Қарағанды облыстық ІІД қызметкерлерінің есірткіні екінші рет айналымға шығаруына жол бермеу мақсатында өткізілген жоспарлы шара кезінде Абай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері ұсталды", - делінген хабарламада.

"Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қызметтік тергеу тағайындалды", - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Берілген ақпаратқа қарағанда, Абай АІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел қызметкері героин сатқаны үшін ұсталып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!