Алматы-Бішкек тас жолында ЖКО салдарынан бес әйел қаза тапты (Бейне, сурет)

Фотография - Алматы-Бішкек тас жолында ЖКО салдарынан бес әйел қаза тапты (Бейне, сурет)

Алматы облысында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі автокөлік соғысып, салдарынан бес әйел қаза тапты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

196 0

Алматы облысында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі автокөлік соғысып, салдарынан бес әйел қаза тапты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Жол көлік оқиғасы 9 қыркүйекте шамамен сағат жетілерде Алматы-Бішкек тасжолындағы, Ақтерек ауылынан алыс емес жерде болған.

Мерседес пен Лада Приора бетпе-бет соқтығысқан. Алдын ала анықтау жұмыстарына сәйкес, Лада Приораның жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен.

Екі көліктің де жүргізушілері ауыр жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Лада Приорада отырған 2 жолаушы, Mercedes көлігіндегі 3 жолаушы мерт болды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!