Балаларын балконнан лақтырған әйелдің қызмет туралы тізімі анықталды

Фотография - Балаларын балконнан лақтырған әйелдің қызмет туралы тізімі анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Today.kz сайтының ресми сұранысына берген жауабында бесінші қыркүйекте бесінші қабаттың балконынан балаларын лақтырып жіберген Жадыра Көкенайдың (тұрмысқа дейінгі тегі Құлмамырова) қызмет туралы тізімін жария етті.

594 0


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті Today.kz сайтының ресми сұранысына берген жауабында бесінші қыркүйекте бесінші қабаттың балконынан балаларын лақтырып жіберген Жадыра Көкенайдың (тұрмысқа дейінгі тегі Құлмамырова) қызмет туралы тізімін жария етті.

Олар, Жадыра Құлмамырованың 2011 жылы ЖОО-ның филология факультетіне жұмысқа қабылданғаныдығын айтты. 2012 жылы ол Халықаралық қатынастар факультетіне доцент болып ауысқан. 2013 жылы Жадыра Құлмамырова өз еркімен жұмыстан шыққан.

Жадыра Қазақ-кувейт университетінде "араб тілі және әдебиеті" мамандығы бойынша білім алған.

ЕҰУ жұмыс істегеннен бұрын Жадыра Құлмамырова Ислам институнда және де Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінде жұмыс жасаған.

Әйелдің бұрыңғы әріптестері оны өз ісіне ұқыпты әрі жауаты деп мінездеген.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйекте Алматының Сәтпаев көшесінде 33 жастағы әйел бесінші қабаттың балконынан кәмілет жасына толмаған екі баласын лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен. 10 жасар үлкен қызы құтқару қызметі келгенше сол жерде бақилық болған. Қазіргі кезде дәрігерлер аман қалған қыз бен анасының тағдыры үшін күресуде.

Оқиғаға куә болған жергілікті көкөніс пен жеміс-жидек сатушы біржарым жастағы қызды аман алып қалғандығын айтқан.

Ертеректе, Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел есін жинады, деп хабарлаған болатынбыз.

Қалалық ІІД баспасөз хашысы Салтанат Әзірбек хабарлағандай, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Қалалық ІІД өкілі хабарлағандай, келіншектің күйеуі бар, толыққанды отбасы екен. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны жұмбақ болып отыр.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!