Таразда өрт кезінде дәмханадан 10 адам көшірілді (Бейне)

Фотография - Таразда өрт кезінде дәмханадан 10 адам көшірілді (Бейне)

Бүгін Тараздың шағынаудандарының бірінде шыққан жалынмен өрт сөндірушілер бір сағат бойы күресті, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

458 0

Бүгін Тараздың шағынаудандарының бірінде шыққан жалынмен өрт сөндірушілер бір сағат бойы күресті, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.

"Өрт ғимараттың төбесін қамтыды, онда "555" дәмханасы, қызметтік бөлмелер, ұйымдардың кеңселері орналасқан болатын. Тілсіз жау 100 шаршыметр аумақты шарпыды. Өрт туралы дабыл сағат 11.00-де келіп түсті, 40 минуттан кейін беті қайтарылып, сағат 12.00-де толық сөндірілді. Өрт кезінде ғимараттан 10 адам көшірілді, олардың арасында балалар да бар, бірақ та зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті ведомстводан.

Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінің 60 қызметкері, сондай-ақ 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себептері анықталуда, деп нақтылады облыс ТЖД баспасөз қызметі. 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!