Ақжарқын Тұрлыбай өзін Қазақстанға экстрадицилау жөнінде арыз беруге құқы бар

Фотография - Ақжарқын Тұрлыбай өзін Қазақстанға экстрадицилау жөнінде арыз беруге құқы бар

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбай өзін Қазақстанға экстрадицилау жөнінде Қытай билігіне өтініш арыз айта алады

619 0

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған Ақжарқын Тұрлыбай өзін Қазақстанға экстрадицилау жөнінде Қытай билігіне өтініш арыз айта алады. Бұл жөнінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Today.kz.


"Адвокаттардың жоғары тұрған инстанцияға шағым түсіруіне байланысты Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі әлі күніне күшіне енген жоқ.Заң күшіне енген соң Ақжарқын Қазақстан азаматы ретінде Бас прокуратураға немесе қытайлық тарапқа жаза мерзімін Қазақстанда өтеуге өтініш бере алады.Қазақстан мен қытай арасындағы екі ел арасында сотталғандарды беру туралы 2011жылдан бері келісім бар, деді Жақып Асанов


Ал оның экстрадициясының мерзімі жайлы сұраққа Асанов: "Бір немесе одан көпке созылады деп ойламаймын. Барлығы да ҚХР жоғары соттарының бұл істі қаншалықты жылдам қарайтынына байланысты. Сотталғанның өзіне де байланысты, ең жоғары инстанцияға дейін бара ма. Біздің Қылмыстық кодексіміз бойынша, мұндай қылмыс үшін қатаң жазаланады. Біздің сотымыз істі қарайтын болса ұзақ мерзімді тағайындайды", деп жауап берді.

Естеріңізге салсақ, жиырма жасар Қазақстан азаматшасы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу аэропортында 2014 жылдың наурызында есірткі затымен ұсталған болатын.Ал Ақжарқынның өзі қылмысын мойындаудан бас тартқан. Есірткі затын оған Алматыдағы түнгі клубта бірге істеген адамдардың бірі салып жіберуі мүмкін дегенді айтқан. Үстіміздегі жылдың он бесінші маусымында Қытай соты Ақжарқынды өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!